Жылу берушілер өткен 2014-15 жылдар жылу беру маусымы үшін атыраулықтарға 10 млн теңгені қайтарады.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтында жарияланған есеп бойынша, комитет жыл сайын өткен жылу беру маусымының нәтижелерінен тұтынушыларға арналған жылу құнын кері есептейді, өйткені тариф дала температурасын болжау арқылы қалыптасады.
Биылғы қыс болжанған деректерге қарағанда жылы болды, сондықтан да тұтынушылар пәтеріне берілген жылу шығыны жоспарланғаннан аз болды.
Кері есептеулер нәтижесінде жылу есептегіштері жоқ атыраулықтарға жылу берушілер 10 млн теңге қайтаруы қажет. Бұл тұрғын үйдің әр шаршы метріне 6,50 теңгеден келеді деген сөз. Қайтарылған сома туралы деректер жылу ақысын төлеу түбіртектерінде көрсетілетін болады.
Тамара СУХОМЛИНОВА