АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның мұнай өндіретін «ВР» компаниясы 2010 жылы Мексика бұғазына мұнай төккені үшін 18,7 млр. доллар өтемақы төлейтін болды, деп хабарлады «ВВС» компаниясы.
Айыпты компания 18 жылда төлеп бітуі тиіс, деп мәлімдеді АҚШ-тың Әділет министрлігінен.
Бұл қаражаттың 5,5 млрд доллары азаматтық қарыздарды өтеуге бағытталған. 7 млрд. зақымданған табиғатты қалпына келтіруге жұмсалса, 4,9 млрд доллар АҚШ-тың экономикалық шағымдарын реттеуге, 1 млрд жергілікті мемлекеттік органдармен дауларды реттеуге жұмсалады.
2014 жылы АҚШ билігі «ВР» компаниясына тендерге қатысуға, үкіметпен келісім шарт жасасуға қайтадан рұқсат берген болатын. Еске сала кетсек, 2010 жылы Мексика бұғазында мұнай төгілгеннен кейін АҚШ билігі компаниямен жұмыс жасауға шектеу қойған.
«Deepwater Horizon» бұрғылау платформасында апат 2010 жылы 20 сәуір күні болды. Жарылыстан 11 адам қаза тауып, теңізге 3,2 - 4,9 млн баррельге дейін мұнай төгілді.
Дереккөз: inform.kz