Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Сауд Арабиясында «Наджран жастары» деп аталатын жаңа қарулы оппозиция пайда болды. Олар өздерінің мақсатын елдің оңтүстік-шығысындағы Наджран провинциясын корольдіктен бөліп алу деп мәлім етті, деп хабарлай ирандық БАҚ-тар.
Ұйым провинциядағы тайпалар «Ахрар ан-Наджран» («Наджранның еркін азаматтары») ұйымына біріккен соң 10 күннен кейін құрылды. Бұл ұйым да Йеменмен шекарадағы провинцияның корольдіктен бөлінуін және йемендіктерге қолдау көрсетуді қолдап отыр.
Еске салсақ, сонау 1920-1930 ждылдары Йемен мен Сауд Арабиясы Наджмен үшін соғысқан. 1934 жылы осы провинция аумағын басып алып, корольдікке қосқан. Содан бері оның тұрғындары үнемі кемсітушілікке ұрынып келе жатқанына шағымдануда.
Наджран халқы дәстүрлі түрде Йеменмен тығыз қарым-қатынаста. Қазір провинцияда 1,6 млн халық мекен етеді. Басым көпшілігі – исмаилит қауымдастығына жататын мұсылман – шейіттер. 2000 жылы Наджранда исмаилиттердің үкімет күштеріне қарсы қарулы бірнеше қақтығыстары орын алған.
Дереккөз: ҚазТАГ