ИСИМ содырлары өздері басып алған Пальмира қаласындағы көне ескерткіштерді қиратуын тоқтатар емес, деп хабарлайды Bnews.kz.
Би-би-си агенттігінің хабарлауынша, лаңкестер «Аллат Арыстан» атымен танымал ең мың жылдық тарихы бар арыстан ескерткішін қиратқан. Сирия көне жәдігерлер және мұражайлар департаментінің директоры Маамун Абделькарим «содырлар бұл ескерткішті қиратып, үлкен қылмыс жасады» деп отыр. Польша ғалымдары бойы үш метр, салмағы 15 тонна тартатын ескерткішті 1977 жылы қазба жұмыстары кезінде тапқан.
Айта кету керек, ИСИМ лаңкестері Пальмира қаласын осы жылдың мамыр айында өз бақылауына алған болатын. Сирия әскері жаумен ұзақ уақыт текетіресіп, соңғы сәтте ғана қала тұрғындарының басым бөлігін, 11 мың әскери қызметші мен саяси қылмыскерді және Пальмира орталық мұражайының ең бағалы деген тарихи жәдігерлерін алып шықты. Содырлар қаланы басып алған соң бүкіл шіркеулер мен көне жәдігерлерді түгелдей дерлік қиратты.
Дереккөз: bnews.kz
3 шілде 2015, 09:50
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.