Атырау, 28 қараша 18:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бас компания мен еншілес компания

2 450 просмотра

Image 0«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) Қашаған жобасындағы 50 пайыз қатысу үлесін «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-на (оның еншілес компаниясы) 4,7 млрд долларға сатпақшы.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарланады. «ҚМГ ҰК Қашаған кенішінде 16,88 пайызы өзінің аралық еншілес құрылымына, Самұрық-Қазынаға тиесілі KMG Kashagan B.V. жартысын 4,7 млрд доллар шамасындағы ақшалай қаржыға сатпақшы және осы түсімді қарызының бір бөлігін өтеуге пайдаланбақ», - делінген хабарламада.

Біз Tengri Partners (Алматы) басқарушы серіктесі Әнуар ҮШБАЕВТАН комментарий беруді өтінген едік:

Бәрі түсінікті. ҚМГ енді қарыз ала алмайды, әйтпесе қолдағы қарыздары бойынша ковенанттар «ұшып кетеді». Сондықтан Самұрық Қазына ҚМГ-ге жай қарыз бере алмайды, соған байланысты сатып отыр. Алынған ақшаны ҚМГ қолындағы қарызды төлеуге жұмсайды.

Естеріңізге салсақ, жақында ғана «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қарызы 18 млрд доллар құрайды деп хабарлаған болатын.

Атап айтқанда, KASE сайтында жарияланған Fitch Ratings рейтингтік агенттігінің ақпаратында бұл туралы былай делінген: «2015 жылғы наурыздың аяғында ҚМГ ҰК компаниясының балансында 3,2 трлн теңге (17,3 млрд доллар) дерлік көлемінде жалпы қарызы болды. Оның 63 пайыз шамасы - бас компания деңгейінде. Fitch сондай-ақ, топ левериджіне «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры» ЖШС біріккен кәсіпорнына ұсынылған101 млрд теңге (545 млн доллар) несие бойынша кепілдіктің толық сомасын енгізген».

Өз болжамында рейтингтік агенттік бұрынғыша Қазақстандағы девальвацияны жоққа шығармайды: «Біз болжамымызда теңгенің 20 пайыздық девальвациясы тәуелсіз рейтингтер жөніндегі Fitch сараптау тобының жорамалына сәйкес, кейінірек 2015 жылы орын алады деп сүйеніп жасадық. 2015 жылғы наурыздың аяғында топтың 91 пайыздан астам қарызының басым бөлігі шетелдік валютада, көбінесе АҚШ долларымен болды. ҚМГ ҰК есебінде нәтижелерді теңгемен көрсеткендіктен, ықтимал девальвация бірден леверидждің көбеюіне әкеледі. Ал түсім және доллармен бекітілген EBITDA уақыт өте артады, өйткені топ түсімінің 76 пайызы мен оның шығындарының 53 пайызы 2014 жылы АҚШ долларында болды.

Естеріңізге салсақ, өткен жылғы девальвация (2014 жылғы 11 ақпан) ҚМГ БӨ компаниясына 637 млн АҚШ доллары мөлшерінде бағам айырмашылығынан кіріс әкелген еді. Өйткені, компанияның қаржы құралдарының басым бөлігі доллармен көрініс тапты. Бұл туралы 2014 жылғы ҚМГ БӨ жылдық есебінде айтылған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

2 шілде 2015, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.