АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд ханзадасы Әл-Валид 32 млрд. долларға бағаланатын өзінің бар байлығын қайырымдылыққа жұмсайтынын хабарлады.
Ақпараттық агенттіктерінің хабарлауынша, арнайы баспасөз конференциясында ханзада қаражатты қайырымдылық қорларға бөліп аударуды жоспарлап отырғандығын мәлімдеді.
Бірінші кезекте, ханзада әйелдер құқығы үшін күресетін қайырымдылық қорына жәрдемдесуге ниетті, сондай-ақ емделмейтін ауруларды зерделеуде демеушілік көрсетпек, табиғи апат құрбандарына қол ұшын созып, салауатты өмір салтын насихаттауды қолдамақ.
Әл-Вавид ақша аударуды қашан аяқтайтынын басып айтпады, тек үрдіс бірнеше жылға созылатынын атап өтті. Ол бұл шешім өзінің жеке жағдайына қалай әсер ететіні жайлы да сөз қозғамады, тек балалары бұл шешімін қолдағанына тоқталып өтті, деп жазады ВВС.
Ханзада Әл-Валид сауд королі отбасының мүшесі. Ол инвестициялық жобалармен қаражат табатын ірі кәсіпкер ретінде де белгілі. Ханзада Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде 22-ші орында.
Дереккөз: inform.kz