Атырау, 5 мамыр 02:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Тәжікстанда ресейлік әскерилер із-түзсіз жоғалып кетті

2 110 просмотра

Image 0Тәжікстанда із-түзсіз жоғалып кеткен Ресейдің 3 әскери қызметкері жайлы бірде-бір дерек жоқ, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Қазір әскерилерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оларды тірідей табамыз деп үміттеніп отырмыз. Әзірге олар жайлы ешқандай дерек жоқ», - дейді ресейлік құзырлы орган мамандары.

Оқиға 29 маусым күні болды. Әскерилер 201-әскери базадан аймақты барлауға шыққанда Вахш өзеніне құлап кеткен. Әскери қызметшілер содан бері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

201-база – Ресейдің ел сыртындағы ең үлкен әскери нысаны. Ол 2004 жылы құрылған, екі ел арасындағы келісімге сәйкес Тәжікстан аумағында 2042 жылға дейін жұмыс істейді.

Дереккөз: bnews.kz

2 шілде 2015, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.