Атырау, 28 қараша 16:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​«Бізде бәрі әділ»

2 587 просмотра

Image 0Атырау кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде бизнесті сервистік қолдау қызметтерін ұсыну жөнінде компаниялар арасында іріктеу жүргізді.

Палатадағылар ерекше атап өткендей, тендер өтінімдері салынған конверттерді ашу бойынша барлық процедуралар мен қорытынды жасау алғаш рет БАҚ-тардың қатысуымен өткізіліп, үздіксіз бейнекамераларға түсірілді.

Атап өту керек, бұған дейін республикалық бюджеттен бөлінетін бизнесті сервистік қолдау қаржыларына облыстық кәсіпкерлік басқармасы билік етіп келді. Енді бұл қызмет Кәсіпкерлер палатасына берілді.

Өтінімдер байқауына бар болғаны 4 компания – «Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы-ның қаржылық және салық консультанттарының палатасы» ЖШС, «Консул» консалтингтік компаниясы, «Grata» заңгерлік компаниясы және «Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» ҚБ қатысты.

- Іріктеу жүргізу үшін біз арнайы комиссия құрдық, оның құрамына мемлекеттік, бақылау-қадағалау, құқыққорғау органдарының, облыстық Кәсіпкерлер палатала-рының өкілдері кірді, - дейді Өңірлік палата директоры Асылбек ЖӘКИЕВ.

Алғашқы отырыс барысында комиссия мүшелері конверттерді ашып, өтініштерді тексерді. Нәтижесінде іріктеуге қатысуға үш компания жіберілді. «Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы-ның қаржылық және салық консультанттары палатасына» құжаттар пакетінің талап етілген нормаларға сәйкес келмеуі салдарынан әрі қарай қатысуға рұқсат берілмеді.

Қорытындылар 19 маусымда өткізілді. Кедендік процедуралар бойынша қызмет ұсыну, кеңес беру және менеджмент жүйесін енгізу бойынша бүкіл процедураны толықтай қолдау үшін «Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» ҚБ сервистік компания болып таңдалды. Менеджмент мәселелері бойынша заңгерлік қызметтер көрсетумен «Консул» консалтингтік компаниясы айналысады.

Палатадағылар хабарлаған-дай, жеңімпаз компаниялар келесі аптадан бастап кәсіп-керлерге қызмет көрсете бастайды. Комиссияның алғашқы отырысының толықтай бейненұсқасын http://youtu.be/Ut22oPMh4G8 сілтемесі бойынша көруге болады.

Енді кәсіпкерлер сервистік қолдау алу үшін Атыраудағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына және кәсіпкерлердің аудандық палаталары жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына жүгіне алады. Онда олар қатарынан бірнеше бағыттар: бухгалтерия, салық, кеден, сапа менеджменті, маркетинг, ақпараттық технология, мемлекеттік сатып алулар бойынша тегін сервистік қызметтерге ие бола алады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұсынды

25 маусым 2015, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.