Бүгін, 25 маусымда бізге АМӨЗ басшылығынан кешегі өртке қатысты комментарий алудың сәті түсті («АМӨЗ маңындағы резіңке өртенді»).
Даму және жаңғырту жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары Рүстем БИСАЛИЕВТЫҢ айтуынша, өрт зауыт аумағынан тыс жерде орын алған:
- Қоқыс, құрылыс қалдықтары, көлік майы сіңген 6 дана дөңгелек тысы мен шиналар өртенді. Өрт зауыттың қасында орын алғандықтан, біз кезекші машинаны жіберіп, 2-3 минуттың ішінде өшірдік. Бәрін фотосуретке түсіріп алдық, бізде зауыт төңірегіне біреулер әлденелер лақтырып тастайды. Өйткені зауыттың бәрін тазартып жинауға мәжбүр болатынын біледі.
- Кокстау қондырғысы өртенді деген қауесет жүрді ғой.
- Иә, маған тіпті зауыттың бас инженерімен кокстау қондырғысына барып, аспаптар көрсеткішін түсіріп, картограммаларды қаруға тура келді. Ешқандай ауытқулар болған жоқ. Зауыт әдеттегі режиммен жұмыс істеп тұр.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА