Бүгін, 24 маусымда таңмен АМӨЗ жақтан шыққан қою қара түтін қала тұрғындарының үрейін алды. «АМӨЗ-дегі өрт» деген жазуы бар фотосурет әлеуметтік желілерде пайда бола бастады.
Зауыттың өзінде өртену фактісін растады. Ол АМӨЗ аумағының сыртында болған екен. Алайда басшылықтан егжей-тегжейін білудің сәті түспеді: бәрі жиналыста болды.
Ақпарат алу үшін біз ТЖД-ға хабарластық. ТЖД кезекшісі Ерлан ӨСКЕМБАЕВТЫҢ айтуынша, оларға ресми ақпарат түспеген:
- Бірақ бізге түрлі мемлекеттік органдардан сұрақтар қойған қоңыраулар түсе бастады. Сондықтан біздің өзіміз АМӨЗ-ге қоңырау соғып, егжей-тегжейін білдік. Ондағылардың айтуынша, зауыт аумағының сыртында жатқан пайдаланылған «резіңке» өртенген екен. Өртену аумағы 5 те 6 шаршы метр. АМӨЗ өртті ведомостволық өртке қарсы күрес қызметінің күшімен сөндірген. Өртену себебі әзірге белгісіз.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА
Суретті түсірген Анастасия ПАСТУХОВА