Атырау, 28 қараша 16:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Алға, кәсіпкер!

1 934 просмотра

Image 0Енді «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына жеке кәсіпкерлер де қатыса алады.

Бұл туралы Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының базасында ұйымдастырылған байқауларды бағалау критерийлері бойынша өткен оқыту семинарында айтылды. Естеріңізге салсақ, республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі және ел президентінің сыйлығын алуға арналған «Алтын сапа» байқауы 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұрын өңірлік турды ұйымдастырумен облыстық кәсіпкерлік басқармасы, ал биылдан бастап Палата айналысты.

Семинарға "Қазақстанның үздік тауары" байқауында өз өнімін ұсынғысы келетін 30 компания мен "Алтын сапа" сыйлығын алу байқауына қатысқысы келетін 10 компания қатысты. Соның ішінде, мұнай-газ кәсіпорындары үшін химиялық реагенттер шығаруға мамандандырылған "Рауан Налко" компаниясы бар. «Рауан Налко» өкілі Дәурен ИСМАҒҰЛОВТЫҢ айтуынша, компания осы байқауларға төрт жылдан бері қатысып келеді. Әзірге жеңіске жету мүмкін болмағандықтан, сайысу жігері кәсіпорынды сапаны, тиісінше, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ынталандырады.

- Айтарлықтай жаңалықтардың бірі - енді байқауларға тек заңды тұлғалар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады, - деп атап өтті тренинг барысында "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының сарапшысы Мәдина МҰҚАТОВА. - Олар осы байқаудың қатысушылары ретінде жеке санатқа енгізілді. Бұл шағын бизнес өкілдері үшін өздерін бүкіл елге танытатын, өзінің бәсекеге қабілетін арттыра алатын үлкен мүмкіндік.

Өңірлік байқау-көрмені тамыздың аяғында өткізу жоспарланып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 маусым 2015, 00:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.