Атырау, 3 мамыр 21:02
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Оқиғалар тізбегі

3 214 просмотра

Image 0

Привокзальныйдың үш тұрғыны Атырау қаласының тұрғынын алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Олар түрлі жылдарда алаяқтық құрбандарына айналған. Қаскөй оларға жоғары мөлшерде жалақысы бар жұмыс ұсынып, гонорар ретінде алдын ала 100 мың теңге беруді талап етіп, ғайып болған. Күдіктінің фотороботы барлық қосындарға таратылды.

***

Индер ауданының тұрғыны Атырау қаласындағы танысының үстінен шағым жазды: 9 жыл бұрын әлгі танысы зардап шегушіге 212 мың теңге мөлшерінде несие ресімдеп, оны төлемеген. Іздеу жарияланды.

***

Нұрсая ықшамауданының тұрғыны 30 жастағы қала тұрғынын екі жыл бұрын Белоруссиядан көлік әкеп беремін деп уәде беріп, өзінен 11 мың доллар алды деп айыптап отыр. Содан бері ақша да, көлік те жоқ, тек уәдемен тойдырып келеді екен.

***

Авангард 2-ші ықшамауданда 18 маусымда белгісіз біреулер көшеде 40 жастағы ер адамды ұрып-соққан. Зардап шегуші дер кезінде келіп үлгерген жол-патрульдік қызметтің қызметкеріне қаскөйлердің қандай көлікке мініп кеткенін хабарлады. Санаулы минуттарда күдіктілер – Мұқыр мен Жаңа Қаратон поселкелерінің 30 жастағы екі тұрғыны мінген «Субару-Форестер» көлігі ұсталды.

***

«Атырау» ықшамауданында белгісіз біреу рөлінде 47 жастағы әйел отырған «Лада-Гранта» көлігінің айнасын теуіп сындырып, есігін бүлдірген. Күдікті «Атырау-2» ықшамауданының 30 жастағы тұрғыны ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Полиция Авангардтың 15 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 17 маусымға қараған түні Нұрсая ықшамауданындағы пәтерден ер адамның аяқ киімін, компьютер мен әйелдер косметикасын ұрлап кеткен. Кәмелетке толмаған жасөспірім басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Атырау-Индер трассасында Томарлы поселкесінің маңында «Тойота-Хайс» микроавтобусы мен «Лада-Приора» соқтығысты. Жеңіл көлік тұтанып, түгел өртеніп кеткен. Оның жолаушылары – Томарлының 34 және 32 жастағы тұрғындары облыстық ауруханаға жатқызылды.

***

Құлсары қаласында «Беркад» базарының бутигінде құны 40 мың теңге тұратын «Самсунг галакси» ұялы телефоны ұрланды. Тергелуде.

***

Құлсары қаласының тұрғыны полицияға 2007 жылы танысының 200 мың теңге алып, әлі күнге дейін қайтармай отырғанына шағымданды. Тергеу жүргізілуде.

25 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.