Атырау, 3 мамыр 15:05
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Спорт жаңалықтары

2 217 просмотра

Бокс

БЖСМ-4-те жасөспірімдер арасында бокстан Атырау қаласының ашық чемпионаты өтті.

2002-03 жылғы - К. Тілекқабылов пен Д. Нұрымов (Исатай ауданы), М. Ғимранов (Құрманғазы ауданы), К. Мәдениетов, А. Қонысбай, Э. Нұралиев, Б. Искалиев, Б. Кеңесов (Атырау қ.); 2000-01 жылғы – М. Жалғасов (Жылыой ауданы), Б. Сиражев пен Е. Қайреден (Құрманғазы ауданы), Р. Хайырғалиев, Н. Жәкенов, Д. Базарбаев, Н. Зейнолла, Д. Қазиев, Е. Дүйсебеков, А. Бітімов, А. Сарқұлов, С. Болат және А. Өтеген (бәрі Атырау қаласынан) жеңімпаздар атанды.

***

Дзюдо

Image 1Степногорскіде 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтті.

50 келіге дейінгі салмақта «алтын» №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің шәкірті Жәнібек Тельмановтың (суретте) еншісіне тиді. Оны тәжірибелі тәлімгерлер Талап Мұқанов пен Қуаныш Сүлейменов жаттықтырады.

Бір қызығы, Жәнібек биыл облыстық іріктеу сайысында жеңіліс тауып, ҚР чемпионатына екінші нөмірмен кеткен еді. Ал бірінші нөмірді алдын ала жекпе-жекке шыққан кезде жеңіп алды. Жәнібек енді баршаның тек өзіне ғана үміт артатынын ұғынып, шабыттанып, барлық жекпе-жекте жеңіске жетті.

Жәнібек – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада жолдамасы үшін күресіп жүрген Асхат Тельмановтың інісі. Қазір Асхат Минскіде оқу-жаттығу жиындарында жүр. Шілдеде Үлкен Шлем сериясындағы рейтингтік халықаралық турнирге барады.

***

Спартакиада

Image 0"Мұнайшы" спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлердің облыстық спартакиадасы өтті. Сайысқа әкімдіктің 600-ден астам қызметкерлері қатысты. Бірінші орынды Құрманғазы ауданы, екінші орынды Махамбет ауданы, үшінші орынды – облыстық әкімдік иемденді.

Спартакиаданың анағұрлым белсенді қатысушылары: шахматтан – Жәнібек Тұрдағалиев (Құрманғазы ауданы), үстелүсті теннисінен – Айгүл Рзағұлова (облыстық әкімдік), жүзуден – Айман Меңдіғалиева (облыстық әкімдік), Гүлнәр Құмарова (Құрманғазы ауданы), Марат Айтқалиев (қалалық әкімдік), жеңіл атлетикадан – Әйгерім Серікова, Махамбет Аманғалиев (Махамбет ауданы), Бекбол Әбуов (Қызылқоға ауданы), баскетболдан – Гауһар Ғұмарова, Ернар Рахметқалиұлы (Құрманғазы ауданы), волейболдан – Анария Уағисаева (облыстық әкімдікт), Самал Жұбанова (Махамбет ауданы), мини-футболдан – Алмас Мұқашев (Құрманғазы ауданы) арнайы жүлделермен марапатталды.

25 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.