БЖЗҚ облыстық филиалында 2015 жылдың 1 маусымында 370 202 (республика бойынша 10 014 027) салымшының зейнетақы есепшоты тіркелген. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 286,2 млрд теңгені (республика бойынша 4,85 трлн) құрап отыр. Филиалдың операциялық бөлімінің бастығы Райса Берекенованың айтуынша, зейнетақы активтері негізінен мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестицияланады, сондай-ақ, банк депозиттеріне орналастырылады. БЖЗҚ-ның инвестициялық жұмысы жөнінде ақпарат www.enpf.kz сайтында жарияланып отырылады.