Атырау, 3 маусым 05:47
 дождьВ Атырау +14.4
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызмет түрі

2 151 рет қаралды

Image 0ХҚКО-ның мобильдік топтары І және ІІ топ мүгедектеріне жаңа қызмет түрін ұсынды.

Облыстық ХҚКО-ның қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Айнагүл МОЖАРБАЕВА хабарлағандай, үйден шыға алмайтын адамдар 1414 телефон нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, өтініш бере алады. ХҚКО-ның мобильдік топ қызметкерлері құжаттар ресімдеуге (төлқұжаттар, жеке куәліктер, мекенжай анықтамалары т.б.) өтініш берушінің үйіне барады.

- ХҚКО қызметкері өтініш берушінің қалауы бойынша оған электрондық сандыққолтаңба беріп, «Электрондық үкімет» порталы арқылы өздігінен мемлекеттік қызметтерді алуды үйретеді, - дейді А.Можарбаева.

Бірыңғай байланыс орталығы тәулiк бойы үзіліссіз және демалыссыз жұмыс iстейдi.

Айнұр САПАРОВА

25 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.