Атырау, 22 мамыр 15:26
 ашықВ Атырау +19
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37

АМӨЗ маңындағы «резіңке» өртенді

2 036 просмотра

Image 0Бүгін, 24 маусымда таңмен АМӨЗ жақтан шыққан қою қара түтін қала тұрғындарының үрейін алды. «АМӨЗ-дегі өрт» деген жазуы бар фотосурет әлеуметтік желілерде пайда бола бастады.

Зауыттың өзінде өртену фактісін растады. Ол АМӨЗ аумағының сыртында болған екен. Алайда басшылықтан егжей-тегжейін білудің сәті түспеді: бәрі жиналыста болды.

Ақпарат алу үшін біз ТЖД-ға хабарластық. ТЖД кезекшісі Ерлан ӨСКЕМБАЕВТЫҢ айтуынша, оларға ресми ақпарат түспеген:

- Бірақ бізге түрлі мемлекеттік органдардан сұрақтар қойған қоңыраулар түсе бастады. Сондықтан біздің өзіміз АМӨЗ-ге қоңырау соғып, егжей-тегжейін білдік. Ондағылардың айтуынша, зауыт аумағының сыртында жатқан пайдаланылған «резіңке» өртенген екен. Өртену аумағы 5 те 6 шаршы метр. АМӨЗ өртті ведомостволық өртке қарсы күрес қызметінің күшімен сөндірген. Өртену себебі әзірге белгісіз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Анастасия ПАСТУХОВА

24 маусым 2015, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.