Атырау, 3 мамыр 19:04
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырауда екі педофил ұсталды

3 106 просмотра

Image 0Атырау қалалық №2 соты педофилдікке күдіктелген екі тұлғаға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады.

Іс материалдарына сәйкес, Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 35 жастағы Атырау тұрғыны С. «көшеде кетіп бара жатқан 11 жастағы қызды көріп, қолынан ұстап алып, жанында тұрған машиналардың артына қарай сүйреп, содан кейін оның дәрменсіз күйін пайдаланып, азғындық әрекетін жүзеге асырған».

42 жастағы Атырау тұрғыны өзінің өгей қызына қатысты азғындық әрекет жасады деп күдіктелуде: «Алдын ала тергеу органдары анықтағандай, К.Н. кәмелетке толмаған қыздың анасының үйде жоқтығын пайдаланып, жазамен қорқытып, зорлық жасамай азғындық әрекетін жүзеге асырған».

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабы («Жас балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

24 маусым 2015, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.