Атырау, 25 қараша 20:18
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей Иранның ядролық нысандарына соққы берілген жағдайда Израиль мен АҚШ-қа қарсы соғысқа дайындалыпты – WikiLeaks

2 506 просмотра

Image 024 маусым. ҚазТАГ – WikiLeaks сайты жариялаған Сауд арабиясының дипломатиялық құжаттарының арасында Сауд Арабиясының барлау қызметінің король кеңсесі мен қорғаныс министрлігінің кеңсесіне берген есебі бар. Онда, егер израильдіктер мен американдықтар Иран ядролық нысандарына соққы беретін болса, Ресей, Израиль мен АҚШ-қа қарсы соғысқа дайындық жасағаны туралы айтылады.

«Newsru.co.il хабарлағандай, 2012 жылғы 22 қаңтармен көрсетілген құжатта Кремль, Израильдің ирандық ядролық нысандарға АҚШ-тың қолдауымен соққы бермекші екені туралы ақпар алысымен ресейлік әскерлердің Кавказдағы және басқа өңірлердегі белсенділігіне назар аударылады», - деп жазады сәрсенбі күні Росбалт.

Мысалы құжатта Армениядағы ресейлік базаның қосымша жабдықталғаны, ресейлік әскерилердің Түркиямен шекарадағы белсенділігі мен кемеге қарсы күрес зымырандық кешендердің орын алмастырғаны айтылады.

Есеп дайындағандардың айтуынша, Израильдің Иранға шабуыл жасауға дайындық тақырыбы Брюссельде өткен «үлкен сегіздік» саммитінде көтеріліпті. Оған РФ президенті де қатысты.

Аталған құжаттың түпнұсқалық екендігі анық емес. WikiLeaks сайтында «Сауд арабиясының» мұрағатының жариялануынан соң, ресми Эр-Рияд корольдік азаматтарын «жалған болуы мүмкін» құжаттарды таратпауға және көшіріп баспауға үндеді.

Сонымен қатар осының қарсаңында ресми Эр-Рияд құпия ақпараттың жария болып кеткенін мойындаған.

Дереккөз: ҚазТАГ

24 маусым 2015, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.