Атырау, 28 қараша 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Бекіре өсірушілер жаралы қортпаны ауға түсірді

2 859 просмотра

Image 020 маусымда Төменгі Пешной тартымынан салмағы 125 келі, ұзындығы 2,3 метр болатын қортпа ауға түсті.

Балық аулауды «Тілекші» балық аулау кооперативі Атырау бекіре өсіру зауытымен (Еркінқала поселкесі) жасалған келісімшартқа сәйкес жүзеге асырды.

– Қортпа көп жарақат алған, әлсіз әрі аз қозғалады, оның браконьерлік ау құралынан сытылып шыққаны көрініп тұр, - дейді зауыт технологы Зухра ҒҰБАШЕВА. – Біз жарақаттарын зеленкамен өңдеп, ашық аспан астындағы су тоғанына жіберіп қойдық. Өкінішке орай, біз одан басқа еш көмектесе алмаймыз. Қазіргі уақытта ол бұрынғыша енжар, аз қозғалады. Тоғанға Жайықтан жаңадан құйылған су жіберіледі.

З.Ғұбашеваның айтуынша, қазіргі уақытта ихтиологтар ұсталған қортпаның жынысын анықтай алмай отыр. Көктемгі балық аулау маусымы кезінде бекіре өсіру зауыты жыныстық жетілген бірде-бір қортпа аулаған жоқ. Бекіре тұқымдастардың шабақтарын өндіру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты бекіре мен шоқыр шабақтарын шығару есебінен орындауды жоспарлап отыр. Бекіре мен шоқырдың ересек түрлерін уылдырық ұрықтанғаннан кейін теңізге жіберіп қойды. Сауыққаннан кейін жаралы қортпаны да еркіндікке жібереді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 маусым 2015, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.