Атырау, 13 ақпан 19:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Найзағай Атыраудағы тағы бір үйді өртеді

4 304 рет қаралды

23 маусымда сағат 18.34-те қалалық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Лесхоз ықшамауданындағы №96 үйге найзағай түсіп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келген.

Өрт сөндіру машиналары сол жерге келген кезде, мансард үйдің шатыры жалындап жатқан. ТЖД-да хабарлағандай, өрт сағат 19.40-та өшірілді. Өрттің нақты шығу себебін анықтаумен полиция айналысуда.

Естеріңізге салсақ, 1 маусымда Самал ықшамауданындағы №6 көшедегі үйлердің біріне найзағай жарқылы түсіп, шатыры өртенген еді («Үйге найзағай түсті»).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

24 маусым 2015, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.