Атырау, 29 қыркүйек 23:31
 дождьВ Атырау +21.5
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Еуропада жиһадшылардың әлеуметтік желілердегі аккаунттары жабылады

2 040 рет қаралды

Image 0Еуропада ИМ ұйымына қатысы барлардың әлеуметтік желідегі аккаунттары жабылады, - деп хабарлайды BBC Russian. Бұл жұмыспен арнайы құрылған полицейлер командасы айналысады.

Басылымның хабарлауынша, Еуропол әлеуметтік желілермен келісімшарт жасасып, осы арқылы жиһадшылардың ашқан жаңа аккаунттарын жойып отырады. Олар бұл қызметке 1 шілдеден бастап кіріседі.

Вашингтондағы Бруклин институтының мәліметінше, "Ислам мемлекеті" ұйымына қатысты шамамен 90 мың адам Twitter әлеуметтік желісінде тіркелген. Осы аккаунттар арқылы олар топтарын ұлғайтып отырады. Еуропол соңғы уақытта 5 мың еуропалықтың ИМ ұйымына қосылып кеткенін мәлімдеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 маусым 2015, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.