Атырау, 23 қараша 05:23
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Полицей балалары көп нәрсемен танысты

2 503 просмотра

Өздерінің кәсіби мерекелері қарсаңында атыраулық полицейлер өз балаларына нағыз шоу ұйымдастырды: ұрыс қаруын, із кесуші иттерді, арнайы жасақтың ұрыстарын көрсетті, тіпті дабыл белгісі бар арнайы көліктерге мінгізді.

Шараға 30-дан астам әр түрлі жастағы полицей балалары келді. Балабақшадағы бүлдіршіннен бастап ержеткен бозбалаға дейін.

Ең алдымен, негізінен балақайларды үстел үстіне қойылған ұрыс қарулары қызықтырды. Криминалистер қолғаптары, үлкейткіш әйнектері, іскектері салынған шабадандарын көрсетті. Басқа бөлімдердің жігіттері де бәрін түртіп қарауға, қол тигізуге, ұстап көруге, тіпті киіп қарауға рұқсат етті.

Көріністің екінші кезеңі басталғанда кішкентайлар сәл қорқып қалды. Қайдан шыға келгені белгісіз, арнайы жасақ пайда болып, бос патрондармен тапанша-пулеметтерден оқ жаудыра бастады. Mortal Combat саундтрегімен бетперделерін, киім-кешегін киіп шығып, басып алынған (лаңкестер басып алғандай көрінді) аумақта өз машықтарын көрсете бастағанда тіпті керемет көрініс болды.

Содан кейін айбынды жігіттер өзара шайқасып, пышақ ұстаған дұшпанына қарсы ұрыс тәсілдерін көрсетті.

«Ашық есік күні» деп аталған шара соңында қолына есірткі ұстаған кинологиялық қызметтің қызметкері шықты. Ол қолындағы пакетті үш ағаш қорапшалардың біріне жасырып қойды. Біраз уақыттан кейін қойылған машиналардың арасынан төбет жүгіріп шығып, санаулы секундтарда барлық лабрадорларға тән жайнақылықпен криминалды пакетті тауып алды. Балаларға ақылды төбетті сипауға рұқсат бермеді, бірақ көпшіліктің өтінішімен оны таныстырып өтті: жирен төбеттің есімі Миранда, ол Атырау ІІД кинологиялық қызметінің еңбек сіңірген есірткі іздеушісі екен. Ал екінші бір төбет «күпәйке киген қашқындарды» ұстауға маманданған. Ит ақылды болса да, балақайларды қорқытып жіберді. Сондықтан нәзік балалар психикасын зақымдамас үшін оны тез алып кетті.

Шара соңына қарай балаларды полицей машиналарына отырғызып, ҚІІБ ауласына дабыл белгісін қосып, құрметпен айналдырып шықты. Енді полиция қызеткерлерінің балалары ата-аналарының үйден тысқары жерде қандай жұмыстар атқаратынын біліп жүретін болды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

19 маусым 2015, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.