Атырау, 10 желтоқсан 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 514.74
€ 599.36
₽ 6.71

Қарағандыда әлеуметтік желі арқылы жыныстық қызмет ұсынған жалған полицей ұсталды

1 835 рет қаралды

Image 0Қарағандыда облыстық ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ақша бопсалаумен айналысқан жалған полицейді қолға түсірді. Ер адам интернетте арнайы парақ ашып, интим-қызметтер ұсынған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Өзінің қылмыстық мақсатын жүзеге асыру үшін 29 жастағы Қарағанды қаласының бұрын сотты болған тұрғыны өзгенің есебінен бою амалын ойлап тапқан. Сыбайластарымен бірге ол қыздың атынан әлеуметтік желіде жеке парақша ашып, өзінен үлкен ересек азаматтармен хат жазысады.

«Қыздың атынан хат жазыса отырып, жігіт интернет-таныстарына жыныстық қызмет ұсынған. Оның қармағына 38 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ілініп қалады. Ол виртуалды танысымен кездесу үшін қаладағы жалдамалы пәтерлердің біріне келеді. Онымен кездесуге қылмыстық топ мүшелерінің бірі – жас қыз келіп, сыбайластарына «қонақтың» торға түскенін хабарлайды», - деп мәлім етті Қарағанды облысы ІІБ баспасөз қызметінің өкілі Батырхан Смайылов.

Жас қыз бен оның жаңа танысы отырған пәтерге кенеттен полиция қызметкерлері басып кіріп, 38 жастағы жігітті кәмелет жасына толмаған қызға қатысты сексуалдық әрекеттерге барды деген айып астына алған.

Кездесуге келген теміртаулыққа алаяқтар жалған қызметтік куәліктерін көрсетіп, «жалған» куәгерлердің қатысуымен пәтерде тінту жұмыстарын жүргізеді. Осылайша, қылмысын «дәлелдеген» олар ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін сол жерде одан 60 мың теңге ақша алып, соңынан тағы 5000 доллар беруін талап етеді.

«38 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны Жеке қауіпсіздік басқармасына шағымданып, оның арызы бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Күдікті жігіт оған қалған соманы беру кезінде қолға түсті.

Қазіргі уақытта қолға түскен жігіт пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілердің бәрі уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Дереккөз: bnews.kz

15 маусым 2015, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.