Атырау, 30 сәуір 20:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Ақмола облысында төрт студент токқа түсіп өлді

2 038 просмотра

Image 0Ақмола облысы Қорғалжын елді мекеніндегі Агротехникалық колледжде бүгін қайғылы оқиға болды: оқу орнын жөндеу жұмыстары кезінде төрт студентті электр тогы ұрып, тіл тартпай кетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Трагедия бүгін, түске дейін болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі таңда белгілісі, колледж ғимаратында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.

«Төрт студент жиылмалы сатыны колледж ғимаратынан гаражға алып бармақ болған. Жолда электр желілеріне тиіп кетіп, сол жерде көз жұмған», - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД басшысы Арман Әбдіқалықов.

Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

«Трагедияның мән-жайын Еңбек департаменті анықтайды, арнайы комиссия құрылады. Техника қауіпсіздігі ережесі бұзылған болуы мүмкін», - деп болжады ТЖД басшысы.

Дереккөз:bnews.kz


10 маусым 2015, 20:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.