Атырау, 30 сәуір 17:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Балықшыда жоғалған балалар аман-сау табылды

2 718 просмотра

Image 0Жоғалып табылған Даниал. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды. Бүгін күндіз фейсбукте Балықшыда бала жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Бағына қарай, бала табылыпты.

Анасының айтуынша, 6 жасар ұлы әдеттегідей сағат он бір жарымдарда аулаға достарымен ойнауға шығып кеткен. Бір сағаттан кейін шыққан кезде, ұлын таба алмапты.

- Бүкіл көрші ауланы шарлап шықтым, содан соң машинаға отырып, бүкіл ауданды кездім, - дейді Анар. - 102-ге телефон соғуға тура келді. Учаскелік инспектор 10 минуттан соң келіп, арызымды қабылдап, полиция бірден іздеуге кірісті.

Даниалды іздеуге Құнанбаев көшесінің бойындағы 26 «а» үйдегі көршілері де кіріскен. Кейінірек анықталғандай, сол күні Атырау қалалық ІІБ-не шамамен сол жастағы екі баланың ата-анасы да хабарласқан екен. Ағайынды екі бала жоғалыпты. Олардың ата-анасымен Анар полиция бөлімшесінде кездесті. Оларды бірінші болып тапқан: ағайындылардың анасы балаларын өзі тауып алыпты.

- Сол уақыттарда, кешкі сағат бестерге қарай, Даниалдың өзі де аулаға келді. Өз ауданын танып, үйді өзі тауып келіпті, - дейді Анар.

…Балақай құрдастарымен танысып, сол сәтте достасып алған екен. Сөйтіп кішкентай достар үлкен саяхатқа шыққан: бүкіл көрші дүкендерді аралап, ауруханаға кірген, тіпті мейрамханаларға да көз тастапты...

Бұл хикаяның соңы қуанышпен аяқталды, дабыл қағарлық хабарландырулардың бәрі де осылай аяқталса екен дейміз. Балаларыңызды көзден таса етпеңіздер.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 маусым 2015, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.