Атырау, 21 желтоқсан 18:01
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

5 285 просмотра

Қазақ күрес

Image 01-БЖСМ-де 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтті.

- Жарыстарға Атырау қаласы мен аудандардағы спорт мектептерінің ұлттық күрес, самбо және дзюдо секцияларында жаттығатын жүзден аса бала қатысты. Жарыс қорытындысында 1 орынды Исатай аудандық БЖСМ иеленді, екінші орында – 1-БЖСМ-нің дзюдошылары, 3 орында – 1-БЖСМ-нің қазақ күресі командасы, - дейді 1-БЖСМ-нің қазақ күресі бойынша аға жаттықтырушысы Рүстем Еркебаев.

- Менің тәрбиеленушілерімнің арасынан Данияр Қуанжан (алтын), Шыңғысхан Бермұханов және Мұхамбет Дидарұлы (күміс), Айдос Фанаров, Бекзат Таяуғалиев пен Әли Асқар (қола) көзге түсті.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

Волейбол

«Мұнайшы» СК «Динамо» қоғамының қолдауымен құқық қорғау органдары арасында волейболдан облыстық турнир өтті.

Жарыстарға 11 команда қатысты. 1 орынды Құрманғазы АІІБ иеленсе, екінші орын «Күзеттің» қоржынында, үшінші орынға ІІД қол жеткізді. Турнирдің ең үздік ойыншылары: шабуылшы – Дархан Ердешов, байланыстырушы – Сағындық Нұртазаев, қорғаушы – Аманбай Шайханов.

***

Джиу-джитсу

Астанада Азия чемпионатына мықты балуандарды іріктеу мақсатында джиу-джитсудан ҚР чемпионаты өтті.

Облыс құрамасының сапында ел чемпиондары болып Райымбек Дүйсенов (60 келіге дейін) пен Ерлан Шакимов (90 келіге дейін) танылды. Ерлан финалда команда бойынша өз әріптесі Жеңіс Оспановты тізе бүктірді. Ал Дәулетжан Төлеуов (66 келіге дейін) пен Саят Үсенұлының (73 келіге дейін) қоржынында - қола медаль. Облыс құрамасында ММА және джиу-джитсу федерациясының, Құлсарылық «Айдар» кәсіби спорт клубының шәкірттері болды. Спортшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Ермұхановқа жарыстарға баруды қаржыландырғаны үшін алғыс айтады.

***

Баскетбол

«Атырау Барыстары» баскетбол академиясында стритболдан (көше баскетболы) турнир өтті.

Турнирге облыс бойынша балалар командалары қатысты. 1999-2000 ж.т. топта құрамында Әділхан Марат, Ілияс Нағимов, Ерғанат Қайрошев және Нұрғали Махмединов ойнаған Tillz командасы жеңіске жетті. 2001-02 ж.т. топта Galaxy (Диас Өмірбекұлы, Нұртас Төлеубаев и Темірлан Хабдулов) командасы үздік атанды. 2003-2004 ж.т. топта «Запад» командасы (Қайырбай Амангелдиев, Ұлықбек Абдрахман, Диас Серіков және Сұлтанбек Асанов) ешкімге дес бермеді. 2005 ж.т. және одан жас балалар тобында «3 Барыстар» (Дмитрий Десятков, Дамир Сейткерім, Сержан Мырза және Никита Крюков) командасына қарсы келер ешкім болмады.

***

Самбо

Image 11-БЖСМ-де 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында самбодан ашық қалалық біріншілік өтті.

Жеңімпаздар: 23 келіге дейін – Айболат Орынғалиев, 26 келіге дейін – Аян Сарқұлов, 29 келіге дейін – Серікбол Лұқпанов, 32 келіге дейін – Қайрат Жұмабай, 35 келіге дейін – Эльдар Қойшыбеков, 38 келіге дейін – Бек Өтеген, 42 келіге дейін - Өмірбек Сайханов, 46 келіге дейін – Ринат Тұрсынғалиев, 50 келіге дейін – Құдайберген Мекешев. Балаларды Е.Төлеген, Қ.Табынбаев, Б.Қошқаров жаттықтырады.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

Футбол

6 маусымда футболдан ҚР чемпионатының 15-турының матчында «Атырау» командасы «Мұнайшы» стадионында қызылордалық «Қайсар» командасын қабылдады.

20-минутта «Атырау» құрамындағы черногорлық шабуылшы Иван ИВАНОВИЧ керемет шеберлігімен көзге түсіп, есеп ашты. Бірінші таймның соңғы минутында қызылордалық Ян ВОРОГОВСКИЙ жауап голын соқты. 53-ші минутта «Атырау» қорғаушысы Антон ГРИГОРЬЕВ қожайындарды алға шығарып, 2:1 есебі финалдық ысқырыққа дейін өзгермеді.

Осы жеңістен кейін «Атырау» қайтадан турнирлік кестенің екінші сатысына көтерілді. Команданың қазіргі табысы жергілікті стадионның келу санына едәуір әсер етеді: «Қайсармен» болған матчта 6 мыңдай жанкүйер қатысты.

***

Кикбоксинг

Image 2Қызылордада 2001-02, 2003-04 жылғы жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ҚР чемпионаты өтті.

Атыраудан №2 БЖСМ мен №4 БЖСМ-нің 18 шәкірті қатысып, олардың сегізі медаль алды. Ағайынды Серікжан (45 келіге дейін) мен Сәлімжан (57 келіге дейін) Сәлімгереевтер ел чемпиондары атанды. Сәлімжан төртінші жыл қатарынан ҚР чемпионы атанып отыр.

Ерназар Рсалиев (54 келіге дейін) пен Нұрсұлтан Қайыров (63,5 келіге дейін) күміс алқа иеленді. Альфия Ищанова (48 келіге дейін), Арслан Сапарғали (30 келіге дейін), Роман Зубарев (30 келіге дейін) пен Аманат Сабырғали (70 келіге дейін) қоланы місе тұтты.

5 маусымда облыстық кикбоксинг федерациясының президенті Медет Мерекеұлы Серікбаев чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар – смартфондар мен спорттық спорттық жабдықтарды табыстады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.