Атырау, 28 қараша 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Болашағы зор кішкентай әншілер

4 651 просмотра

Image 0Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Балаларды қорғау күніне арналған IX қалалық «Бала бұлбұл-2015» жеке эстрадалық ән орындаушылар сайысы өтті.

Сайыста іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 36 өрен бағын сынауға мүмкіндік алды. Сайыс жас ерекшеліктеріне қарай үш кезеңде өтті.

5-8 жас аралығындағы бүлдіршіндердің арасынан 3-орынды Алтынай ТӨЛЕГЕН мен Ақзере САҚЫП, 2-орынды Олеся КУЛЬМИНА иеленсе, 1-орынды «Дорога добра», «Я самый счастливый» әндерін шебер орындаған, 7 жастағы Бексұлтан БАЛҒЫМБАЕВ (суретте) есімді кішкентай жігіт иеленді.

- Балам ән айтқанды жақсы көреді және қабілетті. Ал, негізінен, бүгінгі байқауға қатыс-қан әр бөбек жеңімпаз болуға лайықты, - дейді Бексұлтанның анасы Зарина БИСЕНҒАЛИЕВА.

9-12 жас аралығындағы үміткерлер арасынан 3-орынға Санат АСУАТ, 2-орынға Нұрай ҚЫДЫРБАЕВА, 1-орынға №17 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Әсем АСҚАРОВА лайықты деп танылды.

13-15 жас аралығындағы жасөс-пірімдер арасынан 3-орынға Бексұлтан ҚОЖАХМЕТОВ, Назерке ДАУЕШОВА, 2-орынға Елдос ХИСМЕТ, 1-орынға Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназияның оқушысы Камилла ҚАЛЕНОВА лайықты деп танылды.

Қазылар алқасының төраға-сы, Құрманғазы атындағы балалар саз мектебінің концерт-мейстері Ольга ГАУН-ШТРАЙХЕРТ: - Байқау мақсаты - әншілік өнерді қолдап, жаңа таланттарды табу.

Қазылар алқасының мүшесі, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының саз студия меңгерушісі, жас әнші Айбек ҚАРАҚОЙШЫ: - Балалық шағыма саяхат жасағандай болдым. Осыдан тоғыз жыл бұрын мен сахнада осы бүлдіршіндердің орнында болған едім. Қазылар алқасының мүшесі, АМУ оқытушысы Элла КУРТИЕВА:

- Байқау 6 сағатқа созылды. Тым ұзақ, балалар шаршады. Келесі жылы осы жайтты ескеру керек. Жалпы, кішкентай әртістердің деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Бүгінгі сахнадағыдай таланттар тұрғанда қазақтың ән өнері өшпейді.

Байқау арасында Құрманғазы мәдениет сарайының көркемөнер-паздары «Жұлдыз», «Натали», «Успех» би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетті.

«Бала тілі – бал» дегендей, әр бүлдіршіннің сызылта ән салғаны жүректі елітіп, ерекше әсер қалдырды.

Нұрсәуле Жауынбаева, АМУ журналистика мамандығының 3-курс студенті

Суретті түсірген Марта Жұмашева, АМУ журналистика мамандығының 3-курс студенті

11 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.