Атырау, 28 қараша 15:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Демалыс күндері көлік қозғалысы шектеледі

1 911 просмотра

Image 0

Демалыс күндері, 13 және 14 маусымда Привокзальныйдағы теміржол өткелі астындағы Атырау – Геолог тас жолының бір жолағында көлік қозғалысы шектелетін болады.

«Атырауинждорстрой» ЖШС директоры Бөлек ӘЛМЕНБАЕВТЫҢ айтуынша, уақытша қолайсыздықтар көпір арқалықтары үшін қорғаныс құрылымдарын орнату қажеттілігіне байланысты орын алып отыр. Өткен жылдан бері жүргізіліп жатқан көпірді қайта жарақтау жобасына өткізу қақпаларын монтаждау енгізілген.

Олар габаритті емес жүктерді тасымалдау кезінде теміржол көпірі аралығының арқалықтарын қорғау үшін қарастырылған, - деп түсіндірді Әлменбаев. – Көпір астындағы жол қозғалысы жолағының бірі демалыс күндері, көлік ағымының қарқындылығы баяулаған кезде жабылатын болады. Аралықты монтаждау кезінде жол бір-бір жарым сағатқа (одан көп емес) толықтай жабылатын болады.

Сіз көлік жүргізушілер осы бағытта жүруді жоспарламас үшін нақты уақытын айта ала аласыз ба?

– Қазір жол полициясымен бірлесіп, қозғалыс жоспары жасақталып жатыр. Егжей-тегжейін жұмыс басталар кезде қосымша хабарлайтын боламыз.

Өткелді қайта жарақтауға тапсырыс беруші - қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі. Екінші жолақ 20-21 маусымда жабылады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 маусым 2015, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.