Атырау, 25 қараша 20:24
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ДДСҰ: «Тәж вирусынан» көз жұмғандар саны 444 адамға жетті

4 601 просмотра

Image 0Бүкіл әлем бойынша «тәж вирусынан» (Таяу шығыс респираторлық синдромы/MERS) көз жұмғандар саны 444 адамды құрайды. Мұндай деректерді ДДСҰ өз баяндамасында жариялаған. Сондай-ақ қатерлі дертті жұқтырған 1190 адам тіркелді, деп хабарлайды Вести.

Қазіргі таңда қауіпті індет дендеген Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар саны 108 адамға жетіп отыр. 9 адам қайтыс болды.

Әсіресе иммунитеті әлсіз, диабет және өкпенің созылмалы ауруына шалдыққан адамдар бұл кеселді бірден жұқтырады. Адам өміріне қауіп төндіріп отырған дертпен күресуге қауқарлы вакцина әлі күнге дейін табылған жоқ.

Вирусты жұқтыру қаупіне байланысты 20 мыңға тарта турист Оңтүстік Кореяға жоспарлаған сапарларын кейінге шегерді.

Дереккөз: bnews.kz


10 маусым 2015, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.