Атырау, 28 қараша 15:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қашағандағы апат (+толықтырылды, Атырау облысының ТЖД баспасөз релизі)

2 179 просмотра

Image 0

9 маусымға қараған түні «Қашаған» теңіз кенішінде катер тұрғын баржамен соқтығысты.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, соқтығыс салдарынан катер экипажының үш мүшесі облыстық ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Соқтығысу себептері анықталуда.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты

«09.06.2015 жылы астана уақытымен шамамен сағат 02.00-де «Д» аралынан 12 шақырым жердегі Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде екі көлік кемесі соқтығысты. «БИЮИ Текес» кемесі өту кезінде зәкірде тұрған «ЕВ-103» баржасымен соқтығысты.

Салдарынан үш адам зардап шекті. 24 жастағы кеме теңізшісі, «БИЮИ Казахстан Лтд» компаниясының қызметкері М. Өтеғалиев көгеру, терісі сыдырылу сияқты жеңіл жарақаттар алды. Грузияның 1961 жылғы азаматы, «Топаз марин» компаниясының қызметкері В. Качарава травматология бөліміне «иық буындарының орнынан шығып, сынуы» жеткізілді.

Грузияның 1959 жылғы азаматы, «Топаз марин» компаниясының кеме механигі А. Абуладзе Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

Облыстық нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі Ербол ИМАНҒАЛИЕВ бізге Абуладзенің жағдайы ауыр екенін хабарлады:

- Ол бас сүйек-ми ашық жарақатын алған, жоғарғы және төменгі жақ сүйектері сынған, маңдай сүйегі сынған, бас ми жарақатын алған.

10 маусымда NCOC баспасөз қызметі хабарлады: «НКОК кемелердің соқтығысқаны туралы ақпаратты, соның салдарынан зардап шегушілердің бар екендігін растайды. Қазіргі кезде едәуір зардап шеккен қызметкерді тиісті медициналық көмек көрсету үшін шетелге жеткізу ұйымдастырылуда. Мұнымен Қашаған кенішіндегі теңіз жұмыстарын жүзеге асыратын және Солтүстік Каспий акваториясындағы осы кемелердің жұмысына жауапты келісімшарт компаниясы айналысуда. Бұл «ЕрСай» компаниясы. Оқиғаның егжей-тегжейі туралы қосымша сұрақтардың барлығын соо компанияға жолдауды өтінеміз».

Біз «ЕрСай» компаниясына сауал жолдадық, жауабын күтіп отырмыз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

9 маусым 2015, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.