Биылғы жылы су тасудың шарықтау шегінде Жайық өзеніндегі су деңгейі нормадан бір метрдей төмен болды. Бұл туралы Жайық-Каспий бассейндік су қорларын пайдалануды реттеу және қорғау инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВ хабарлады.
Жайық өзеніндегі су тасудың шарықтау кезеңі 22 мамырға келді. Қазір өзендегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Су келудің шарықтау шегінде Атырау қаласындағы су деңгейі
Жайық өзеніндегі су көлемін Махамбет поселкесі аумағында есептеу қалыптасқан, себебі, қала аумағында есептеу көрсеткіштері көбіне қатты желдің кесірінен көбіне-көп жоғарылап кетіп жатады. 31 мамырда Махамбеттегі өзен суының жылдамдығы секундына 424 текшені құрады. Маусым айында ол төрт есеге төмендейді деп күтілуде.
- Сол уақытқа дейін Ириклинск бөгетін ашудың қажеттілігі жоқ, - дейді Б.Қуанов. – Біз ресейлік әріптестерімізбен келістік, олар шілдеде өзен арнасына секундына 30-40 текше көлемінде су жіберетін болады. Сонымен қатар Челябинск облысы мен Башқұртстанда қазіргі кезде жаңбыр жауып тұр. Оның да Жайық өзенінің су қорын көбейтуге көмегі тиеді деп үміттенеміз.
Осыған ұқсас судың аз келуі биылғы жылы Құрманғазы ауданы аумағынан өтетін Қиғаш өзенінде де байқалды. Бірақ Жем, Сағыз және Ойыл шағын өзендеріне биыл су мол келді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ