Атырау, 18 мамыр 04:35
 бұлттыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оқиғалар тізбегі

2 526 просмотра

Image 029 мамыр күні кешкісін Канцев көшесінде полиция қызметкерлері өзін күдікті ұстаған 29 жастағы Балықшы тұрғынын ұстады. Наркологиялық диспансерде ұсталған тұлғаның есірткі пайдаланғанын растады.

Полицияға әйел адам шағымданды: наурыз айында Исатай ауданының 26 жастағы тұрғыны одан қарызға 150 мың теңге алып, әлі күнге қайтармай жүр екен. Күдіктіге іздеу жарияланды.

Қаланың жас тұрғыны полицияға өткен жылдың қазан айында Атырау қаласының 36 жастағы тұрғыны жиһаз жасап беруге уәде беріп, одан 750 мың теңге алып, ұшты-күйлі жоғалып кеткеніне шағымданды. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Полицияға әйел адам хабарласып, қаңтарда 55 жастағы кәсіпкердің кеңсесіне жөндеу жұмыстарын жасап беруге келіскенін хабарлады. Әйел өз жұмысын орындаған, ал тапсырыс беруші оған 720 мың теңгесін төлемеген. Күдіктіге іздеу жарияланды.

Полицияға зейнеткер хабарласып, 32 жастағы танысының 9 жыл бұрын оның атына 236 мың теңгеге несие ресімдеп, әлі күнге дейін төлем жүргізбегеніне шағымданды. Күдікті іздестірілуде.

Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылының 49 жастағы тұрғынының үйінен тіркелмеген екі аңшы қаруы табылды. Қару сараптамаға жіберілді.

29 мамырға қараған түні Дамбы ауылының 30 жастағы тұрғынының ауласынан «Лада» ВАЗ-2112 автокөлігі ұрланған. Келесі күні таңертең көлік Пешной түбегінен табылған. Тергеу жүруде.

30 мамыр күні кешке жағалауда 18 жастағы төрт жас заң талаптарына бағынбай, ішкі әскердің екі сарбазын соққыға жыққан. Бұзақылар уақытша тергеу изоляторына қамалды.

31 мамыр күні таңертең Геологтағы СТО маңында ВАЗ-2121 автокөлігін тексеру барысында поселкенің үш тұрғыны жол-патруль қызметінің қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Бұзақылардың бірі өткір затпен полицияға тиесілі «Шкода Октавия» көлігінің дөңгелегін тесіп жіберген. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалып, қалғандары басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласының 60 жастағы тұрғыны шағымданды: жарты жыл бұрын оның 45 жастағы танысы банктен оны 100 мың теңге көлемінде несие алуға көндіріп, содан бері төлем жүргізбеген. Күдікті іздестірілуде.

30 мамырға қараған түні Ганюшкино селосында 30 жастағы жергілікті тұрғын дүкеннің терезесін сындырып, ішінен 2 мың теңгенің азық-түлігін ұрлаған. Күдікті ұсталды.

3 маусым 2015, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.