Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан Өтепқалиев зейнеткерлікке шықты.
Облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқарманың жаңа басшысы әлі тағайындалған жоқ, оның міндетін уақытша Дина КАМЕЛОВА атқаруда.
Меңдіхан Өтепқалиев облыстық денсаулық сақтау басқармасын 2009 жылдан бері басқарып келеді. Бұрын ол облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері, қалалық денсаулық сақтау бөлімі басшысы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Зүлфия ИСКАЛИЕВА