Атырау, 28 қараша 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әкім сәттілік тіледі

2 518 просмотра

Image 0

25 мамырда Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ мектеп түлектерімен – ерекше үлгідегі аттестат пен «Алтын белгі» алуға үміткерлермен кездесіп, оларға ҰБТ-да сәттілік тіледі.

Биыл Атырау қаласының мектептерін 1 855 түлек тәмамдады. ҰБТ-ға қатысуға 1 451 бала өтінім берді. 12 түлек халықаралық ғылыми жобалардың жүлдегерлері атанған, бұл оларды автоматты түрде тестілеуден босатады. Ерекше үлгідегі аттестатқа 15 адам, «Алтын белгіге» 23 адам үміткер.

Атырауда Бірыңғай ұлттық тестілеу АМУ жанындағы базалық филиалда 2, 4 және 6 маусымда өткізіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 мамыр 2015, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.