Атырау, 21 мамыр 21:45
 ашықВ Атырау +13
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Түркияда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл ашылды

1 768 просмотра

Image 0Жерорта теңізінің төңірегінде орналасқан Түркияның Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атындағы даңғылдың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қала ірі даңғылдарының біріне Н.Ә. Назарбаевтың атын беру туралы шешім Адананың облыстық мәслихатының Қазақстанның Президентінің құрметіне өткізілген отырысы барысында қабылданды.

Ашылу салтанаты барысында Адананың губернаторы Мұстафа Бүюк пен мэрі Хүсейін Сөзлю Қазақстанның серпінді дамуын, сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығындағы еліміздің жетістіктерін жоғары бағалады.

«Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев халықаралық деңгейлі атақты тұлға болып табылады, ал елінің болашақ дамуы жөніндегі стратегияларын Түркияның негізін қалаушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің іспеттес көзқарастарымен салыстыруға келеді. Қазақстанның Н.Ә. Назарбаевтың қоластындағы әлемнің көптеген мемлекеттері үшін өркендеу, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символы екендігін айтып кеткім келеді», - деп, Губернатор М.Бүюк мәлім етті.

Өз кезегінде, Елші Жансейіт Түймебаев провинция басшылығы мен қала тұрғындарына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына және Қазақстан халқына білдірілген сый-құрметі үшін ризашылығын білдірді.

Адана өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық инфрақұрылымы дамыған Түркияның халқы саны бойынша алтыншы қаласы болып табылады (2,2 млн. адам). Қалада елдің ең ірі индустриялдық аймақтарының бірі орналасқан. Адананың тарихы б.з. 9-шы ғасырынан бастау алып, әр түрлі заманда Рим, Византия және Осман империяларының құрамына енген болатын. Қаланың орналасқан жері Чукурова алқабы маңызды ауыл шаруашылық аймағы болып, сол жерлерде мақта, бидай, арпа, жүзім, цитрус тектестері, зәйтүн, темекі және басқалары өсіріледі. Провинцияның жылдық табысы 30 млрд. долл. шамасында. Даңғыл қаланың орталығында аймақ деңгейінде тарихи құндылығы бар Адананың ең көне колледжі тұрған жерінде орналасқан.

Дереккөз: bnews.kz


27 мамыр 2015, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.