Фейсбук әлеуметтік желісінде Атырау тұрғындары арасында Атырау тұрғындары арасында «Доступная набережная» (осы атаумен топ та құрылды) науқаны жүріп жатыр. Оның белсенділері, бір топ жастар, жұртшылықты Каспий ықшамауданындағы «президенттік» деп аталатын резиденция маңында Жайық жағалауына кедергісіз шығу құқығына қол жеткізуге шақыруда. Қазір жағалаудың осы бір үлкен бөлігі екі жағынан үлкен шарбақпен қоршалып тұр.
«АЖ» тілшісімен кездесу барысында Атырау облысы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ туындаған жағдайға былай түсінік берді:
- Мені әкім етіп тағайындаған 2012 жылы көптеген мемлекеттік нысандар жеке меншіктің қолында болды. Соның ішінде Каспий ықшамауданы, 28 мекенжайында орналасқан президент резиденциясы мен оған қарасты аумақ кезінде бір жеке меншік фирмаға сатылған. 2010 жылы осы меншік иелері Жайық жағалауына қоршау салып, резиденцияны жұрттың бәрі кіре алатын орынжайға айналдырған. Мен бұл адамдармен жеке сөйлестім және олар нысанды мемлекет меншігіне тегін қайтарды.
Ғимарат азып кеткен еді, күрделі жөндеу мен аумақты аббаттандыру қажет болды. Біз резиденцияны жөндеп, оған тиесілі аумақты қалпына келтірдік. Қазір бұл нысан қалалық әкімдіктің балансында және қалалық бюджеттің қаржысымен қамтамасыз етіледі. Барлық аумақ, соның ішінде жағалау мемлекетке тиесілі.
2013 жылғы желтоқсанда Бас жоспар жобасына сәйкес, Көктем ықшамауданы, 28 мекенжайында орналасқан
- Резиденция маңындағы жағалау неге шарбақпен қоршалған?
- Резиденция – режимді нысан, іссапарлары кезінде бұл жерге мемлекеттің бірінші тұлғалары тоқтайды және осында арнайы жабдықтар тұрады. Сондықтан да резиденция мен оның маңындағы аумақ мұқият қорғалады.
- Демек, жағалауға шығатын жолды жоғары лауазымды тұлғалар мен сіздің қауіпсіздігіңіз үшін жауып тастаған ба?
- Дәл солай. Алғашқы уақытта біз қалалықтар үшін жағалауды ашқанбыз, алайда резиденцияның маңына үнемі қоқыс тастап, спирттік ішімдіктер ішіп, шулады. Бізге бұл идеямыздан бас тартуға тура келді. Осы жерге тәулік бойы полиция бекетін ұстап тұра алмаймын ғой!
Атырау қаласының құрметті тұрғындары мен қонақтары мемлекет мүддесі үшін еріксіз туындаған осы ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарайды деп үміттенмін.
Азамат МАЙТАНОВ