Атырау, 25 қараша 19:44
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуропа грек борышы бойынша төлеуге дайын емес

1 822 просмотра

Image 0Сауалнамаға тартылған Ұлыбритания және Германия тұрғындарының 62% және 69%-ы Греция міндеттемелербойынша борышын өзі өтеуі тиіс деп санайды. Мұндай көзқарасты француздар да ұстанады, бұл пікірмен келісетіндердің саны 50 пайызды құрайды.

ICM Research Британ зерттеу агенттігінің Sputnik радиосы үшін жүргізген кезекті "Sputnik.Мнения" сауалнамасының деректеріне сәйкес, Еуропадағы респонденттердің көпшілігі Греция қарыздарын Еуропа Одағының қатысуынсыз, өзі төлеуі тиіс деп есептейді. Сауалнамаға жауап бергендердің 51 пайызы осылай ойлайды.

Сауалнамаға тартылған Ұлыбритания және Германия тұрғындарының 62% және 69%-ы Греция міндеттемелербойынша борышын өзі өтеуі тиіс деп санайды. Мұндай көзқарасты француздар да ұстанады, бұл пікірмен келісетіндердің саны 50 пайызды құрайды.

Греция тұрғындары басқа пікірде. "Сіздің пікіріңізше Грецияның борыштық міндеттемелері бойынша кім төлеуі тиіс" деген респонденттердің 55%-ы қарызды жай ғана өшіріп тастау қажет деген пікірмен келіседі, Гректердің 25%-ы ғана мемлекет өз қарыздарын өзі төлеуі тиіс деп есептейді. Бұл рете респонденттердің 8%-ы Грецияның борыштары бойынша жауапкершілікті Еуропалық Орталық Банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық комиссия алуы тиіс дейді. Ал респонденттердің 6%-ы Грецияның борыштары бойынша бүкіл Еуропалық одақ төлеуге тиіс деп есептейді.

Екінші мәселе, «Сіз қалай ойлайсыз, сіздің еліңіз еуродан бас тартып, бұрын пайдаланылған ұлттық валютаға оралуы керек пе?», деген сауалға еуропалықтардың жартысынан сәл астамы (53%) елдеріне еуродан бас тартып, бұрын пайдаланылған ұлттық валютаға оралуыдың қажеті жоқ деп санайды. Еуро валютасынан бас тартудың жақтастары Германияда болып шықты, неміс маркасының орлуын қалайтындар 39%-ды құрады. Греция мен Францияда ұлттық валтасның оралуын қалайтындар саны — 24% және 29% құрады.

Дереккөз. Қазақстан жаңалықтары АА.

26 мамыр 2015, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.