Атырау, 3 маусым 10:59
 дождьВ Атырау +13.2
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Ресейде Coca-Cola Light сатылымы тоқтатылмақ

2 058 рет қаралды

Image 0The Coca-Cola Company Ресейде төмен калориялы Coca-Cola Light сусынын сатуды тоқтатады. Оның орнын Coca-Cola Zero сусыны алмастырады. Бұл туралы РБК хабарлады.

Coca-Cola Light Ресейде шығарылмайтын болды, деп жазады «Коммерсантъ». Оның орнына шығарылатын бренд Coca-Cola Zero сусыны да төмен калориялы болмақ.

Жалпыресейлік сатылымда Coca-Cola Light-тің үлесі небары 2%. Жаңа Coca-Cola Zero сусынның сатылымы, компанияның жоспары бойынша, 2018 жылы жалпы сатылымның 10%-ын құрамақ. Компания Ресейде Coca-Cola Zero брендін шығаруға қанша сома жұмсалатынын айтпады.

Дереккөз. ҚазАқпарат

26 мамыр 2015, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.