Атырау, 27 қараша 09:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Астанада өртенген мұғалім жайлы істің жай-жапсары белгілі болды

1 946 просмотра

Image 0Астанада өртенген мұғалім жайлы істің жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана ІІД баспасөз хатшысының айтуынша, 26 мамырда ер адамның Алтынсарин көшесінің бойындағы №25 мектептің маңындағы тұрғын үйдың ауласында әйелдің үстіне жанармай төгіп, өртеп жібергені туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды, әйел беті, мойны, кеудесі және арқасының күйігімен, 2 және 3 дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Осы дерек "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркелді", - деді баспасөз өкілдері.

40 жастағы күдікті анықталды. Ол жапа шеккен әйелдің бұрынғы күйеуі болып шықты. ІІД баспасөз өкілдерінің мәліметінше, күдікті "үй жанжалқоры" категориясы бойынша есепте тұр. Бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау үшін шаралар жүргізіп жатыр.

Ал ақпарат құралдарында күдіктінің бұрынғы полицей екендігі жайлы таралған мәлімет расталмады.

Осыған дейін Оқиғаның куәгері болған Аяна Байғозина төтенше жағдайдың мән-жайын айтып берген болатын. Оның айтуынша, отқа оранған әйел адам көшеге жүгіріп шыққан.

"Мен баламмен бірге балабақшаға кетіп бара жаттым. Біреудің "Көмектесіңдер" деген айғайын естідім, қарсыдан отқа оранған әйел жүгіріп шықты. Бастапқыда түсінбей қалдым, машиналар тоқтап, киімдермен сөндіре бастады. Оқушылар жүгіріп келді. "Жедел жәрдем шақырыңдар" деп айғайлай бастады. Балабақшадан шыққан кезде өрт сөндіру көлігін көрдім де, пәтерде өрт шығып, әйел содан өртенген шығар деп ойладым", - деді Аяна Байғозина.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 мамыр 2015, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.