Twitter әлеуметтік желісінен жеке аккаунтын ашып, қысқа уақытта 1 миллионнан астам дос жинаған АҚШ президенті Барак Обама әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Bnews.kz.
Бұл тіркелушілер бас-аяғы 5 сағаттың ішінде жиналған. Осы оқиғаға орай Twitter Government (@gov) аккаунты Обаманың @POTUS парақшасына қай мемлекеттің адамдары жазылғанын көрсететін арнайы анимациялық картаны жариялады.
АҚШ басшысының @BarackObama атты тағы бір аккаунты бар, бұл парақшада 60 млн адам тіркелген. Бұл парақшаларды президенттің көмекшілері бақылап отырады, ал Обама өз парақшасын өте сирек пайдаланады.
Дереккөз: bnews.kz