Атырау, 3 қаңтар 10:07
 ашықВ Атырау -8
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

​Мал базары көшіріледі

4 046 рет қаралды

Image 0Ескі әуежай аумағында орналасқан «Тума» мал базарын қаладан тыс жерге көшіру жоспарланып отыр.

Оның көшірілу себебін қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН былай деп түсіндірді:

- Қала ішіндегі автокөлік тығындарын азайтып, қаламыздың келбетін әрі қарай көріктендіру мақсатында, сонымен қатар, мал базарының орталықта орналасуы санитарлық-эпидемиялық нормативтерге сәйкес келмеуіне байланысты оны қала сыртына көшіру қажеттігі туындады.

Жаңа мал базары құрылысы үшін жер телімдері жеке кәсіпкерлерге Атырау-Астрахан және Атырау-Доссор автотрассалары бойынан бөлінген. 2015-2016 жылдары құрылыс жобалары дайындалып, сараптамадан өткеннен кейін салуға рұқсат етіледі.

Айнұр САПАРОВА

21 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.