Атырау, 25 қараша 18:49
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Туск: Грузия, Молдова, Украина ЕО-ға кіруді армандай алады

1 966 просмотра

Image 0Еуропа кеңесінің президенті Дональд Тусктің сөзінше, Грузия, Молдова және Украинаның Еуропа Одағына кіруді армандауына хақы бар. Бірақ Туск мұндай интеграцияның болашағына қатысты қазір ешнәрсе айтпайтынын жеткізді.

Мамырдың 21-22-сінде Ригада өтетін ЕО-ның Шығыс әріптестік елдері саммиті қарсаңында Азаттыққа берген сұхбатында Туск Шығыс әріптестігі бағдарламасы бұл елдерді ЕО-ға кіргізуді ешқашан мақсат етпегенін, бірақ Киев, Тбилиси және Кишиневтің "еуропалық болуды армандауға құқығы барын" айтты.

Ригадағы кездесу қарсаңында үш ел үкіметі ЕО-ны өздерінің одаққа кіруіне қатысты кесімді жауабын бермеді деп айыптаған. ЕО-ның бірқатар мемлекеті Шығыс әріптестігі елдерінің ЕО-ға ұмтылуы туралы тілектерін саммиттің қорытынды қарарына қосуға ниетті емес.

Польша премьер-министрі болып тұрғанында Дональд Туск Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Молдова және Украина қатысатын Шығыс әріптестігі бағдарламасын белсенді түрде қолдаған. Туск қазір өзінің ЕО кеңесінің президенті ретіндегі міндеті бұл елдердің болашақтағы үмітіне бақылау жасау екенін айтады.

Дереккөз: azattyq.org

20 мамыр 2015, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.