Атырау, 25 қараша 18:29
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қатарынан 17 қызбен жүрген жігіт қамалды

2 508 просмотра

Image 0Қытайдың Хунань провинциясында қатарынан 17 бойжеткенмен жүрген Юан есімді жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» демекші, алаяқ жігіттің былығы екі ай бұрын, өзі жол апатына түскен кезде анықталған екен. Жігіт жол апатына түскен кезде, ауруханадағы қызметкерлер «жақындарының» барлығына хабарласып шыққан көрінеді. Сөйтіп, 17 қыз «жалғыз менің ғашығым» деп жүрген жігіттің жанына жиналғанда, айтарға сөз таппаған, деп жазады «Би-Би-Си».


Юан осы 17 қыздың кейбіреуімен ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған. Олардың арасында тұрмысқа шығамын деп дайындалып жүргендері, тіпті, дүниеге сәби әкелгендері де бар.

«Жол апаты болды деген кезде, қатты қорқып кеттім. Мен Юанмен бір жарым жылдан бері кездесіп жүрмін. Бірақ, палатаға басқа бөтен қыздар келе бастағанда, оны аямақ түгелі, көзімнен жас шыққан жоқ», - дейді алданып қалған қыздардың бірі Сяо Ли.

Қытайдың баспасөз өкілдері хабарлағандай, алданып қалған арулар ғаламторда «Юанға қарсы кек алу альянсын» құрыпты. Осы топтағы әңгімелердің арқасында анықталғандай, жігіт әрбір «ғашығынан» ай сайын ақша алып отырған екен.

Дерекккөз: bnews.kz


20 мамыр 2015, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.