Атырау, 28 қараша 13:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құпия ақпар: су тарифі көтеріледі

3 907 просмотра

Image 0«Атырау Су Арнасы» КМК қазіргі орташа босату тарифі (бір текше метр үшін 104,65 теңге) бүгінде кәсіпорын жұмсайтын шығынға сай келмейді деп есептейді. Бұл мәселе Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен қоғамдық тыңдауда талқыланды.

Тыңдауды Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті ұйымдастырған. «АСА» өкілдері тарифті көтеру үшін өздерінің басты дәйектерін айтты. Бұл - шекті тариф деңгейінің әрекет ету мерзімінің аяқталуы; шекті тарифтерді бес жылға бекіту қажеттілігі; су құбыры желілері мен кәсіпорынның өндірістік активтерін қайта жарақтауға, жаңғыртуға, жөндеуге бағытталған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру;

2015-2019 жылдары энергия үнемдеуші жабдықтарды сатып алу; бағаның өсуі салдарынан «Шикізат және материалдар» баптары бойынша шығындардың көбеюі; табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманың өзгеруіне байланысты еңбекақыны төлеу шығындарының көбеюі; қала әкімдігінің негізгі құралдарды кәсіпорын балансына беруіне байланысты салықтар мен амортизациялық аударымдардың көбеюі.

– Кез келген су арнасы үшін ең маңыздысы электр энергиясын сатып алу шығындары болып табылады. Оларды азайту мақсатында біз ескі энергия сыйымды сорғы-күш жабдығының бір бөлігін ауыстырдық. Алғаш рет елімізде 1,2 млрд теңге сомада НПФ «Эргономика» ЖШС-нен тікелей жабдықтарды жеткізу түрінде инвестициялар тартылды, - деді «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ. – Бұл жұмыстардың жақсы жағы 2014 жылдан бері біз жыл сайын 150 млн теңге мөлшерінде жыл сайынғы үнемделген қаржыны алып отырмыз. 2014 жылы 191 энергия үнемдеуші сорғы орнатылды. Алайда ағымдағы тариф - 68,28 теңге жеткізілген жаңа энергия үнемдеуші сорғылар үшін есептесуге де, ескілерін ауыстыруды жалғастыруға да мүмкіндік бермейді. Біз сорғы жабдығының тек бір бөлігін ғана ауыстырдық. Сондықтан кәсіпорынды әрі қарай жаңғырту жөніндегі жоспарларымызға қолдау көрсетуді өтінеміз.

Жаңа сұралынды тарифті Су арнасы қызметкерлері қоғамдық тыңдауда атамады, шарадан кейін «АЖ» тілшісіне бірнеше жыл бойына осылай жасайтындарын - Табиғи монополияларды реттеу департаменті ұсынылған тарифті бекіткенге дейін атамайтындарын айтты. Сол кезде білесіздер деді.

Ал департаменттің өзінде АСА сұрап отырған орташа босату тарифі бір текше метрге – 195 теңге екенін хабарлады. Департамент бекіткен жағдайда бұл жүз мыңдаған тұрғындар үшін бағаның автоматты түрде екі мәртеге дерлік көтерілгенін білдірмес еді - жеке тұлғалар үшін түбегейлі жоғарыламағанмен, заңды тұлғаларға көп күш түседі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 мамыр 2015, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.