12 мамырда Атырау облыстық Ішкі істер департаменті Халықаралық медбикелер күнін «Ал, кәне, қыздар!» байқауымен атап өтті.
Байқауға ІІД-нің медициналық қызметінің бес қызметкері қатысты. Қыздар би билеп, ән шырқады, өлең оқып, әдемі киімдерін көрсетті, әділ қазыларға өз қолдарымен дайындаған дәруменді салаттарынан ауыз тигізді және қызмет бабында білулері керек дағдыларын көрсетті: шынайы полиция қызметкерлерінің күре тамырына ине салып, жарақатты қалай байлап, гипсті қалай салу керектігін түсіндірді.
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бірінші орынды Бақыт Дәужанова, екінші орынды Ботакөз Омарова, үшінші орынды Маржан Қожағұлова алды. Басқалары да шет қалған жоқ: Эльмира Есенғалиева мен Ақбаян Хамидоллаға ынталандыру сыйлықтары берілді. Құзыретті қазылар құрамына ІІД медициналық қызметінің дәрігерлері кірді.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті ІІД ұсынды