Атырау, 28 желтоқсан 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қысқа қайырғанда

1 885 просмотра

Құлманов көшесіндегі үйлердің бірінде түнгі өрт кезінде бір адам қаза болды. Қала прокурорының көмекшісі Әлібек Нәукеновтің айтуынша, 21 қыркүйек күні шамамен сағат таңғы 6-да өртке қарсы күзет қызметінің кезекшісіне Құлманов, 19 «а» мекен-жайы бойынша шақырту түскен. Өрт екі пәтерді жалмаған. Пәтерді тексеру барысында пәтердің бірінен қожайынының мүрдесі табылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан басқа, облыстық ауруханаға газ иісіне уланған екінші пәтердің үш тұрғыны түсті. Соның ішінде 2 жастағы қыз бала да бар. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жапа шегушілер үйлеріне жіберілді. Өртті сөндіруге жарты сағаттан астам уақыт кеткен. Оқиғаны тергеу қала прокурорының бақылауына алынды.

 

Облыс орталығында тапа-тал түсте қожайындары жұмыста болған кезде пәтерлеріне ұрлыққа түсетін сериалық ұры ұзақ уақыт бойына қолға түспей келген еді. Сол ұры ақыры ұсталыпты. Ол бұрын сотталған, Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны боп шықты. «Ұрыны қылмыс болған жерде саусақ іздерінен, сондай-ақ бейнебақылау камерасындағы жазбалар арқылы ұстадық, - деп атап өтті қала прокурорының көмекшісі Магамед Есенболатов. – Сотталушы сотта өз айыбын толықтай мойындады. Сот оны үш жыл жарымға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айыруға үкім шығарды».

 

Атырау полицейлері өз тұтқындарын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген отбасылық жұпты қамауға алды. ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, істі қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ашыпты. Полиция жорамалы бойынша, азаматтық некеде тұрған 24 жастағы исатайлық жігіт пен Оңтүстік Қазақстан облысының 23 жастағы тумасы Батыс Қазақстан облысынан келген әйелді облыс орталығындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде денесін саудаға салуға мәжбүрлеген. Тәртіп сақшылары ол әйелді босатып жіберді. Күдіктілер қамауға алынды.

29 қыркүйек 2011, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.