Атырау, 28 желтоқсан 15:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Сақшы киіміндегі сотқарлар

2 052 просмотра

Қалалық сот азаматтарды тонаған екі жалған полицейлерге үкім шығарды.

 

Қала прокурорының аға көмекшісі Магамед ЕСЕНБОЛАТОВТЫҢхабарлауынша, полиция қызметкерлерінің формасын киген екі қала тұрғыны бір кеште үш бірдей адамды соққыға жығып, тонаған. Қылмыскерлердің құрбандығына айналған үшеу - Өзбекстан азаматтары екен.

Содан соң әлгі “полицейлер” көлікпен қозғалып отырып, олардың ұялы телефондары мен бар ақшаларын тартып алған. Шамасы, шабуылдаушылар гастарбайтерлерді полицияға шағымданбайды деп ойласа керек.

Айыптылар өз кінәларын мойындап, туысқандарының бірінің ескі формасын пайдаланғанын түсіндірді. Тәркіленген заттарды жапа шегушілер танып алды. Сот үкімі екеуіне де 4 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Лев ГУЗИКОВ

29 қыркүйек 2011, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.