Атырау, 28 қараша 10:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​АМӨЗ-ге арналған үш алып

2 855 просмотра

3 мамырда таңғы сағат 8-ден бастап түске дейін Балықшы, Перетаска және Мирный поселкелерінің маңындағы көшелердің бойындағы көлік қозғалысы АМӨЗ-де ірі габаритті жүктерді, яғни алыптарды тасымалдауға байланысты қиындайтын болады. Бұл туралы «Саренс» компаниясы хабарлады.

19 қазанда «Саренс» қала көшелерінің бойымен алыпты тасымалдаған еді. Сол кезде бұл резервуарлы бойлер қондырғысы болатын және оларды өзен айлағынан Теңіз кенішіне жеткізді («Көшелермен алыпты өткізді»).

Егер сол кезде платформаларды тартқыш техникалармен бүкіл қаланың орталық көшелерінің бойымен сүйреген болса, енді қазіргі маршрут анағұрлым қысқа: өзен айлағы – Атырау-Дамбы тас жолы – Құнанбаев көшесі – Азаттық даңғылы – Дальний өткелі (әкімшілік сот ғимаратының маңында) – Говоров көшесі – АМӨЗ.

Жүк «Синопек Инжиниринг» компаниясына тиесілі және мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жөніндегі жобаға арналған.

Қазіргі үш алып – «жоғарғы қысымды колонна» деген атауы бар қондырғылар. Олардың ішіндегі ең көлемдісінің ұзындығы 35 метр, ені 8,8 метр, биіктігі 10,4 метр, салмағы 392 тонна. Салыстыру үшін: теңіз алыбының салмағы 340 тонна болған еді.

Жүкті тасымалдау бір тартқыш техника мен қос дөңгелегі бар 12 остік өзі жүретін SPMT платформасының көмегімен жүзеге асырылатын болады. SPMT жүргізушілері қатарласа жүріп, пульттің көмегімен платформаның қозғалысын басқарады. Сондықтан жүру жылдамдығы сағатына 3-5 шақырымды құрайды.

«Саренс» компаниясындағылар жүкті белгіленген жерден түскі уақытқа дейін жеткізуге уәде беріп отыр. Полиция көшелерді азғана бөлікпен жауып, колоннаның қозғалысына қарай көліктерді өткізіп тұрады. Алғашқы алыпты тасымалдағандағыдай секілді, сымдар колоннаның қозғалысына кедергі келтірген жағдайда, сол маңда орналасқан үйлерде азғана уақытқа электр қуаты ажыратылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

30 сәуір 2015, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.