Атырау, 25 сәуір 14:30
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Көшелермен алыпты өткізді

2 456 просмотра

19 қазанда қуатты тартқыш техникалар Атыраудың бірнеше көшесімен Теңіз кенішіндегі ТШО зауытына арналған ірі габаритті жүкті алып өтті.

Биіктігі 4 қабатты үйдей болатын жүк (мұнай жылытуға арналған құрылғы мен үлкен ыдыс) екі платформаға орналастырылды. Оны қуаттылығы 700 және 1000 ат күші бар екі Volvo және Man тартқыш техникаларымен жылдамдығы сағатына 10-15 шақырыммен «сүйреді». Таңғы сағат 8-де жүк Атырау өзен айлағынан қозғалып, сағат 16-да қала маңынан өтіп кетті.

300 тонналық жүктің ені 10,5 метр, сондықтан жол-патрульдік қызметке қозғалыс барысы бойынша көлік жолын басқа көліктен босатып тұруға тура келді.

Көлік компаниясы теміржолға Бірлік поселкесінің маңындағы жолдар арқылы өткізгені үшін ақы төледі. Алайда өткел ауырлықты көтере алмай, платформаның бірінің дөңгелегі батып қалды. Колоннаның соңғы жағында келе жатқан резервтегі екі тартқыш көмекке келді. Негізгі тартқыш техникалармен бірге олар алыпты қауіпсіз жерге шығарды.

Қазір жүк Қарабатан маңындағы Атырау-Құлсары тас жолындағы тұрақтардың бірінде тұр. «Саренс» мамандары мен жол-патрульдік қызмет жүкті әрі қарай қалай тасымалдауды шешетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

20 қазан 2014, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.