Атырау, 27 желтоқсан 07:24
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жетімді зар жылатқандар

2 078 просмотра

Құрманғазы ауданындағы №3 кәсіптік лицейде білім алушы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды зар жылатқандар сөгіс алумен шектелді.

Прокуратураның кезекті тексерісінде балалардың құқығы тапталып отырғаны анықталған. Ата-ана қамқорлығынсыз немесе жетім балаларды тиесілі киім, аяқ киім және жұмсақ мүкәмалдармен қамтуда жетпестіктер болғаны былай тұрсын, тіпті сәйкес келмеген. Мұндай кемшіліктер бірнеше рет қайталанғаны белгілі болып отыр. Құрманғазы ауданы прокурорының аға көмекшісі Бақыт БАШИРОВАНЫҢ мәлімдеуінше балалар өз өлшемдеріне сәйкес келмеген киімдерді алуға мәжбүр болған. Сөйтіп, заңды белшесінен басқан №3 кәсіптік лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға есепші және шаруашылық ісі меңгерушісі сөгіс алумен іс бітіп отыр. Егер тағы бұл жайт қайталанса заң бойынша басынан сипамайтыны анық.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 қыркүйек 2011, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.